spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

21 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

21 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Еліміздің қалған аймақтарына жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын соғады. Жел күшейіп, оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жел қарқыны – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақастан облысында бұрқасын көтеріледі.

Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img