spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып 20-дан астам адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып жиырмадан астам адам құтқарылды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тілсіз жауды сөндіру кезінде 31 адам оның ішінде 15 бала өздері эвакуацияланса, 28 адамды оның ішінде 12 баланы төтенше жағдай қызметкерлері құтқарған.

«Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Көп қабатты үйден шыққан жалынды сөндіруге 23 қызметкер мен төтенше жағдайлар департаментінің 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Шамамен 20 минут ішінде өрт толықтай сөндірілді. Тілсіз жау өрт сөндіру қалқанында тұтанған болып шықты. Бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін электр сымдары толықтай өртенген. Қалың түтінге тұншыққан тұрғындардың кейбіреуі үйден өз бетімен қашып шыға алмапты. Өрт сөндірушілер тыныс алу аппараттарын кигізіп саты алаңынан адамдарды демеп аман-есен шығарып алды», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі мекемесінің бастығы Нұрлан Тасов.


Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті кезекті мәрте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

«Әрқашан электрге қосылатын тұрмыстық қондырғылар мен құралдардың ақауы болмауына мән беру қажет. Электр сымдарын монтаждау және оларды жөндеу кезінде тек мамандарға жүгіну керек. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзылуы өрттің шығуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше қауіпсіздік ережелерін мұқият қадағалаған жөн, – дейді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img