spot_img
Сенбі, Қазан 24, 2026
-2.9 C
Kokshetau

Қырғызстанға «Тыныс» АҚ шығарған өкпені жасанды желдету аппараттары көмек ретінде жіберілді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді.

Ведомствоның мәліметінше, бұл көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Үкіметтің 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес беріліп отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық масканы жіберді.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны – 390 млн теңгеге жуық.

Оның ішінде «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету аппараттарының құны – 328 млн теңге.

«Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперде құны – 61 млн теңге.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жырмен жаңғырған бабалар мұрасы: Көкшетауда республикалық байқау қорытындыланды

Көкшетауда қазақтың дәстүрлі жыршылық өнерін ұлықтаған «Мәлік – ғұмыр, жыр – дастан» республикалық байқауы мәресіне жетті. Мәлік Ғабдуллин музейінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика