spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
2 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантин тағы күшейтілуі мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы қайтадан коронавирус індеті бойынша туындайтын қауіптің «қызыл аймағына» енді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлімдеді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Өткен аптада Егіндікөлді қоспағанда, облыстың барлық аудандарында инфекцияны жұқтыру пайызы 1,5 есеге көбейген. Қараша айындағы нәтижелерге қарағанда Көкшетау қаласында 546, Степногорск 116,Бурабай ауданында 80, Зеріндіде 34, Бұландыда 26, Атбасар мен Сандықтауда 22 адамнан қауіпті індет табылды.

 «Ақмола облысы қауіптің «қызыл аймағына» кірді. Әзірге карантинді күшейткен жоқпыз, алдағы ведомствоаралық комииссия отырысында қарайтын боламыз. Жалпы, ведомствоаралық комииссияның шешімімен бірқатар жеңілдетулер болды. Мәселен, сағат 23:00-ге дейін қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі ұзартылды. Алайда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан соң, біз одан әрі жеңілдетуді тоқтаттық», – деді бас санитар дәрігер.

Айнагүл Мусинаның айтуынша, алдағы уақытта карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін. Қазіргі кезде тәулігіне 61 адамнан тіркелуде. Әсіресе, ауырғандар Көкшетау қаласында көбеюде.

Өткен бір тәулікте Көкшетау қаласында 28 жағдай тіркелді, Степногор қаласында – 12, Бұланды ауданында – 6, Сандықтау ауданында – 5, Ақкөл ауданында – 3, Жақсы ауданында – 3, Біржан сал ауданында – 2, Есіл ауданында – 1, Бурабай ауданында 1 жағдай анықталды. Қазіргі кезде, науқастар Егіндікөл ауданынан өзге барлық ауданда анықталды.

Оқу жылының басынан бері балалар арасында коронавирус инфекциясымен ауырған 68 жағдай тіркелді. Оның 23-і штаттық режимдегі оқитын оқушылар, кезекші сыныптарда оқитын 291 бала ауырғандармен қарым-қатынаста болғаны анықталып, үй карантиніне жіберілді. Балабақшаларда барлығы 24 бала осы инфекцияны жұқтырған, 8-і тәрбиешілер арасында тіркелді,-деді Айнагүл Мусина.

Айта кетсек, облыста ресми статистика бойынша қараша айында коронавирустан 5 адам қайтыс болған.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img