spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
2 C
Kokshetau

Ақмолада полиция қызметі туралы ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Ақмола облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен полиция департаменті мектеп оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауын өткізді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  байқау жеңімпаздары «Полиция – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі», «Полицияның үздік батырлары», «ІІБ ардагерлері тәртіп күзетінде» секілді үш аталым бойынша анықталды.

Оқушылар ғылыми жобасын дайындау барысында ішкі істер органдарының қызметін зерттеп, саламен жақынырақ танысты. Оқушылар видеоролик және слайд арқылы полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын көрсетіп, тәртіп сақшыларының міндеттері туралы айтты.

Сонымен бірге, ерлік жасаған және қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлері туралы театрландырылған көрініс ұсынылды. Барлық қатысушылар байқау талаптары бойынша тапсырма орындады.

Байқауға Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы және ассамблея жанындағы волонтерлер орталығының жетекшісі Умар Шонозоров, Көкшетау техникалық лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ирина Хохлова төрелік етті.

Сонымен бірге, Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісімнің» талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Светлана Егикян, Ақмола облыстық ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Елкебек Әубәкіров байқау жұмыстарын бағалады.

Барлық оқушылар ғылыми жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарады, сол себепті жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты.

Жеңімпаздарды марапаттауға Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Умар Шонозоров демеушілік көмек көрсетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Zoom арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img