spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
16.2 C
Kokshetau

Облыс аумағына кірер жолдарда 6 санитарлық бекеттер жұмыс істеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

13 қарашадан бастап Ақмола облысы аумағына өзге облыстардан келетіндерден ПТР тестінің нәтижесі талап етіледі. Қазіргі уақытта облыс айналасында 6 санитарлық бекеттер орналастырылды. Егер қала қызыл аймаққа өтсе, блок бекеттер қойылады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгінде облыс орталығына кіретін жолдарға 6 санитарлық бекет қойылып, онда медицина мамандары кезекшілікпен жұмыс істеуде.

Бұл бекеттерде жолаушылардың дене қызуы өлшеніп, сауалнамалар жүргізіледі. Ыстығы көтеріліп, індет белгілері байқалған адамдар бірден жедел жәрдем қызметіне тапсырылады.

Қазіргі уақытта індетке шалдыққан, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың тізімдері жүргізіліп, бір базаға енгізілуде.

Егер санитарлық бекеттен өткен кезде жолаушылардың аты-жөндерін немесе ЖСН-ін сол дерекқорға енгізгенде, олардың карантинге жатқызылғандығы немесе індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандығы анықталса, ол адамдар бірден кері қайтарылады. Себебі, оларға мүлдем далаға шығуға болмайды. Және оларға мұндай жағдайда тиісті шаралар қолданылады, – деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен.

Облыс ішіндегі көлік қозғалысы тоқтамайды. Аймақ тұрғындары емін-еркін өздерінің жеке көліктерімен жүріп тұруларына болады. Тек әркім санитарлық талаптарды сақтап, жеке гигиенаға назар аударғандары абзал.
Қаланың аумағында әзірге блокбекеттер қойылмайды. Егер жағдай қиындап, облыста коронавирус пандемиясының таралу деңгейі қызыл аймаққа өтсе, онда міндетте түрде карантин одан әрі қатаңдатылып, блокбекеттер орнатылады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img