spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Бурабайда «Салбырауын» аңшылық орталығы саятшылық ұйымдастырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданында атбегілер мен аңшылар  қазақ халқының ұрпағына жұққан қасиеті саятшылыққа шықты. Олар баптаған бүркіттері мен тазысының өнерін аңға салып, қызықтады,-деп хабарлайды «Aqmola News»

Осыдан 2 жыл бұрын Ақмола облысында «Салбұрын» аңшылық орталығы құрылды. Мақсат – атадан қалған дәстүрді келешек ұрпаққа жеткізу. Саятшылық өнерді жоғалтпай, керісінше дәріптеу.

Бұл дегеніміз тек аң аулау ғана деген сөз емес. Оның өзіндік пайдасы жетерлік. Айтар болсақ, атқа міну адам денсаулығына пайдалы, ит ұстау адамды ширақтылыққа үйретеді және тағы басқа. Бүгінде біздің орталыққа қарасты 200 мың га жер бар, онда аңның барлық түрі кездеседі. Сондай-ақ, аңшылыққа қажетінің бәрі бар. Яғни өзіміздің аңшымыз, атымыз, тазымыз және басқа да аңшыға қажетті бұйымдар», – деді «Салбұрын» ұлттық аңшылық орталығының директоры, аталған шараны ұйымдастырушы Қанат Ахметов.

Саятшылық кезінде 2 ит, 1 бүркіт және қағушы аңға шығып бақ сынады.

Елімізде саятшылық өнерді ұлықтайтын 2 орталық бар. Бірі осы Ақмола облысында, екіншісі Алматы облысында.

Біз қазіргі уақытта аңшылық өнерді кеңінен насихаттау үшін оны көпшілікке демалыс түрі ретінде ұсынудамыз. Яғни аңшылықты туристік қызмет түрі деуге болады. Одан бөлек, аң аулаймын, атқа мінемін, тазы ұстаймын деуші қызығушылар болса, біз оларға үйретеміз. Сол сияқты аңшылық өнерден басқа да ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп көрсетеміз», – дейді «Қансонар» республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Саятшылыққа шыққан ата-баба өнерін дәріатеушілер ашық аспан астында кеңінен көсіліп, қан қыздырып қайтты.

Бұл қасиет қазақтың бойына біткен, ұрпақтан ұрпаққа жеткізітетін хақымыздың төл өнері.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img