spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолада аккумулятор зауыты салынып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз
Степногорск қаласында қолданылған аккумулятор батареяларын қайта өңдейтін зауыттың құрылысы аяқталуға таяу. Даму қорымен қаржыландырылған жаңа жоба «Жасыл экономика» жүйесіне көшуге тағы бір тың серпін бермек, деп хабарлайды «Aqmola News».
Мемлекет те экология саласындағы жобаларды қолдауды жалғастырып, облыста қалдықтарды қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жаңартылған энергия көздері ашылу үстінде.
Зауыт басшысының айтуынша өнім алдағы уақытта жоғары сұранысқа ие болмақ.
«Қазақстанда мұндай зауыт әзірге тек Талдықорған қаласында ғана бар. Сондықтан тауарды өткізетін нарық өте үлкен. Шикізат жинаумен бізде еш кедергі болмайды. Біз көп жылдардан бері аккумлятор батареяларымен айналысып келеміз. Істен шыққан қалдықтарды зауытқа өткізетінбіз. Оларды зерттеп білдік. Дайын өнімге де сұраныс өте жоғары, – дейді жоба басшысы Борис Мельников.
Зауыт жылына 22 мың тонна ескі аккумулятор батареяларын қайта өңдеуден өткізбек. Жобалық қуаты 13 мың тоннадан асатын болады. Дайын өнім – қорғасын құймалары аккумулятор өндіретін зауыттарға сату жоспарланған. Ал аккумулятордың ішкі корпусынан алынатын пластмассалар полиэтилен өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға жеткізілмек.
Жаңадан ашылатын зауыт осы жылдың желтоқсанында іске қосылмақ. Қазіргі уақытта ғимарат толықтай жаңғыртылып, іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Барлық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіліп, Ресейден арнайы құрал-жабдықтар жеткізілген. Зауытта тұрақты түрде 70 адам жұмыспен қамтылмақ.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img