spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16 C
Kokshetau

Көкшетауға әуе тасымалы арқылы келетін жолаушылардан ПТР тест талап етілмейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Әуе тасымалына байланысты  шектеулер көбінесе шетелден Қазақстан Республикасы аумағына ұшып келетін жолаушыларға қатысты. «Көкшетау Әуежайы» барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, әдеттегі режиммен жұмыс істеуде,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Өзге облыстар мен қалалардан ұшып келетін жолаушылардан ПТР тест қорытындысы талап етілмейді. Әуежай қызметі республикалық қызмет болып саналатындықтан, ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысына сүйенеді. Қаулыға сәйкес, өзге облыстардан келетін жолаушыларда мұндай анықтаманың болуы міндетті емес. Әзірге ішкі тасымалға қатысты шектеу шаралары енгізілген жоқ,-дейді «Нұр-Сұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы – «Көкшетау әуежайы» АҚ филиалының директоры Айбек Кетебаев.

Мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес,  COVID-19-ға жасалған ПТР тест қорытынды қағазы тек шетелден ұшып келетін жолаушылардан сұралады. Онсыз елімізге кіргізілмейді.

Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 23 қазанда шыққан № 59 қаулысына сәйкес, көліктердің барлық транзиттік түрлерімен ҚР аумағына кіретін жолаушылар термометр құрылғысынан өткізіліп, анкета толтыруы және өзімен бірге ПТР тест қорытындысын алып жүруге міндетті делінген,-деді Айбек Болатбекұлы «Aqmola News» ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.

Филиал директорының сөзінше, әзірге әуежай қызметінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Дегенмен басшылық тарапы 50 пайыз қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеуін қарастыратынын айтады.

Бүгінде «SCAT» авиакомпаниясының Алматы -Көкшетау- Ақтау бағытындағы тасымалы күнделікті кестеге сәйкес ұшырылуда.

Айта кетерлігі, әуежай қызметі барлық санитарлық алгоритмдермен жұмыс істеуде. Кіре берісте жолаушының дене қызуын өлшейтін аппараттар қойылған.

Егер жолаушыдан жоғары температура анықталған жағдайда, әуежайдағы медициналық бекетке жіберіледі. Ол жерде жедел жәрдем шақыртылып, жолаушы туралы ақпарат толтырылады. Сонымен бірге басқа да симптомдары бар жолаушыларды ұстайтын карантин оқшаулағышы жұмыс істейді,-дейді филиал директоры.

«Көкшетау әуежайы» филиалының мәліметінше, эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Флай-Арыстан» компаниясы Көкшетаудан ұшырылатын әуе тасымалын тоқтатқан. Аталған компанияның ұшақтары Көкшетау бағытынан қашан ұшатыны әзірге белгісіз.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img