spot_img
Дүйсенбі, Маусым 29, 2026
17.7 C
Kokshetau

11 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

11 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел қарқыны – 15-20 м/с.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында күндіз желдің күші15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында жел қарқыны – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика