spot_img
Сейсенбі, Шілде 28, 2026
29.8 C
Kokshetau

Нұрлан Жаров: МРТ зерттеулері міндетті медициналық сақтандыруы бар ақмолалықтарға тегін жүргізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық көпсалалы ауруханасында МРТ аппараты қойылған кабинет жұмыс істей бастады. Жаңадан жеткізілген аппараттың мүмкіндіктері туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевқа мекеме директоры Нұрлан Жаров таныстырды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл заманауи үлгідегі МРТ аппаратының сыйымдылығы 1,5 тл. Зауыттан биыл ғана шығарылған құрылғы арқылы жоғары деңгейде зерттеулер жүргізуге болады. Аппарат ми, омыртқа, тірек қимыл жүйесі, кеуде, іш қуысы, кіші жамбас, сүт безін зерттеуге және қан тамырларының ангеографиясын жасауға мүмкіндік береді,-дейді Нұрлан Жаров журналистерге берген сұқбатында.

Айта кетерлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген ақмолалық тұрғындарға барлық зерттеулер тегін жүргізіледі.

Ауруханада дермоторологиялық орталығы базасында 100 төсектік резервтік жұқпалы аурулар ауруханасы бар. Ол жердегі орындар орталық оттегі стациясына қосылған.

Нұрлан Жаровтың айтуынша, биыл ифекциялық аурухананы орталықтандырылған газ желісіне қосуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.

Сонымен қатар төсек орын жабдықтары бар орындардың 80 пайызына орталықтандырылған оттегі пункттері қойылған.

Қараша айында қуаттылығы минутына 300 литр болатын оттегі станциясын орнату жоспарланған.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Цифрлық құқық дегеніміз не?

Ата заңның 18-бабында әр адам жеке өмірі мен отбасы құпиясын сақтауға толық құқылы екені анық жазылған. Технология дамыған заманда...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика