spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Мамин ТМД үкімет басшылары кеңесінде бірнеше ұсыныс жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-министр Асқар Мамин ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Қазақстан Үкіметінің басшысы пандемияның салдарын азайту жөніндегі шараларды қоса алғанда, ТМД-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған экономикалық даму стратегиясын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Асқар Мамин Қазақстанда құрылып жатқан ұлттық тауар өткізу жүйесінің моделін кеңейтуді және ТМД-ның тауар өткізу жүйесін қалыптастыруды ұсынды.

«Елдеріміз арасында АӨК өнімдерінің үздіксіз ағынын қамтамасыз ету – азық-түлік қауіпсіздігін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторы», – деді А. Мамин.

Сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бірлескен туристік жобаларды іске асыру бастамасын көтерді. Қазақстан мен Өзбекстанның «Ұлы Жібек жолы» трансшекаралық туристік өнімін құру жөніндегі жұмысын мысалға алды. Бұл ретте елдер визалық режимді реттеуді және «Түркістан – Шымкент – Ташкент – Самарқанд – Бұхара – Хиуа» жоғары жылдамдықты теміржол қатынасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Премьер-министр ТМД аясында «жасыл» технологияларды дамыту және енгізу бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды.

«Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі келісілген жұмыс экономикаларымыздың тұрақты дамуы және ұзақ мерзімді перспективада халықтың тұрмыс сапасын арттыру үшін қосымша жағдайлар жасауға жол ашады», – деді А. Мамин.

Отырысқа Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров, Молдова премьер-министрі Ион Кику, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Армения вице-премьері Мгер Григорян, Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Рашид Мередов, ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

ТМД аясындағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері және ТМД-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған экономикалық даму стратегиясының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қоғамды цифрлық дамыту саласындағы ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімдер, сондай-ақ атом энергетикасында, ауыл шаруашылығында, көлік секторында, машина жасауда және басқа да салаларда ынтымақтастықты нығайту жөніндегі шешімдер қабылданды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img