spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
5.6 C
Kokshetau

Көкшетауда екі айда тұрғызылған модульді аурухана пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жаңадан салынған инфекциялық аурулар ауруханасы пайдалануға берілді. Модульді аурухананың құрылысы екі айда жүзеге асты. Мұнда Covid-19 вирусын жұқтырғандар емделетін болады. Аурухананың ашылу салтанатына аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысты,-деп хабарлайды   «Aqmola News».

Жаңа аурухана бір мезгілде 200 науқасты қабылдай алады. Аурухана бөлімдеріне Германия және Ресейден жеткізілген заманауи жабдықтар орнатылған.

Жобаның жалпы құны 7 миллиард теңгеге жуық. Ақылды аурухана облыстағы үздік медициналық мекеме ретінде жұмыс істейді.

Сегіз корпустан тұратын нысанда «Филипс» компьютерлі томографы, «Х-FIT» рентген аппараты, өкпені желдеткіш  аппараттары, мониторлар, «LOGIQ 9Е» ультра дыбысты диагностика аппараты, электрокардиограф аппараттары бар.

Сонымен қатар  көліктерді дизенфекциялау пункті, медициналық қалдықтарды залалсыздандыру орны қарастырылған.

Әрбір жансақтау бөлімшелеріне және палаталарға бір орталықтандырылған оттегі станция қойылған.

Палаталар екі және үш орынды, әрқайсысының өзінің жуынатын бөлмесі, дәретханасы бар. Жансақтау бөлімінде орын болмаған жағдайда  оттегіге қосатын батырмасы бар құрылғылар қойылған.

«Премьер-министр Асқар Мамин еліміздегі ең үздік медициналық мекеме деп бағасын берді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған аурухана тек пандемия кезінде ғана емес, одан кейін де халық денсаулығына қызмет етеді деп ойлаймын,-деді Ермек Маржықпаев нысанның ашылу салтанатында.

Құрылыс жұмысын мердігер «Bi Group» компаниясы жүргізген. Жалпы аумағы 4,4 гектар болатын нысан құрылысына 620 адам тартылған. Жұмысшылар үш ауысымда жұмыс істеп, аз уақыттың ішінде барлық жұмыстарды аяқтаған.

Облыстың бас дәрігері Сүлен Ілиясовтың айтуынша, аурухана науқастарды алдағы дүйсенбіден бастап қабылдай бастайды.

Бүгінде өңірде 179 коронавирус жұқтырған науқастар стационарда ем алып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

ің

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img