spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
2.5 C
Kokshetau

Степногорск қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасымен су тазарту қондырғысы жаңғыртылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Степногорск қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 305 төбеде тәулігіне 48 мың текше су тазарту қондырғысын кешенді жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл туралы Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченко мәлім етті.
Басқарма мәліметі бойынша осы жылы қазанның ортасында Степногорск қаласының тұрғын үйлеріне бұрығыдан екі есеге дейін тазарған су келмек. Дегенмен 47 мыңнан астам тұрғыны бар қалада су бағасының тарифі өзгермеген.
Елу жылдан астам қызмет етіп тозған технологиялық қондырғыны ауыстыру суды тазарту тиімділігін 47 пайыздан 75,3 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Қондырғыны жаңартуда неміс өндірісінің прогрессивті технологиясы қолданылды. Резервуарларды басқару тораптары мен сүзгілік станса мембраналық технологияға ауыстырылды. Жаңа сорғы стансасы салынды. Нысанда өзінің күзет бекеті қойылып, аумағы абаттандырылды, – дейді басқарма басшысы Иван Юрченко.
Жобаны жаңғырту «Нұрлы жол бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. Жобаны жүзеге асыруға бюджет қоржынынан 5,5 миллиард теңге жұмсалған. Ал, 18 айға созылған жобаның жүзеге асырылу барысын Ақмола облысының энергетика және ұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бақылауға алған.
.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, су тасқыны кезінде белсенділік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img