spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
2.5 C
Kokshetau

Гүлмира Бекназарова: «Жәнібек хан»кесенесіне жүргізілген жұмыстар тарихи сенсация болуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мәдениет саласы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 жоба,»Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 38 жоба іске асырылған. Өңірдегі ірі мәдениет ошағы жөнделіп, ауыл клубтары, мәдениет ошақтары қалыпқа келтіріліп, әлеуметтік нысандар пайда болған,-деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының тоғыз айлық есібіне арналған брифингте айтылды.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен жалпы сомасы 710,4 миллион теңге бөлініп, Красный Яр кентіндегі «Көкше» МҮ күрделі жөндеуден өткізіліп, Шортанды және Атбасар аудандарында жастар демалыс орталықтары салынған.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарованың айтуынша, бұл үш жоба аясында атқарылған құрылыс жұмыстарына барлығы 194 адам уақытша жұмысқа тұрған.

Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге 38 жоба бекітіліп, шалғай ауылдардағы мәдени нысандарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Бұл жобалар аясында барлығы 460 адам жұмыспен қамтылып, оның 232-сіне жұмыспен қамту мекемелері арқылы жұмыс берілген.

Жалпы, жыл басынан бері өңірдің мәдениет саласына барлығы 26 жас маман келген, оның 9-ы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауыл клубтарына жұмысқа тұрған.

Бұдан бөлек,  жыл басынан бері басқарма жетекшілігімен өңірдің мәдени, рухани өміріне әсер етерлік ауқымды жұмыстар атқарылған.

Биылғы жылы өңірде тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында қолға алынған жобалардың бірі Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек ханның кесенесін зерттеу және қалыпқа келтіру жұмыстары. Брифинг барысында Гүлмира Бекназарова барлық қорытындылар дайын болған соң, барша археологтар мен тарихшыларды елең еткізерлік жаңалық болуы мүмкін екендігін жеткізді.

Зерттеу кезінде табылған барлық қалдықтар Нұр-Сұлтандағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне өткізілген болатын. Ресейде антропологиялық көрінісі анықталып, одан әрі генетикалық сынақтар жүргізу үшін Жапонияға жіберілді. Қазір жаңалық күтіп отырмыз. Бірақ біз қазірдің өзінде тарихи сенсацияның алдында тұрмыз деп үміттенеміз,-дейді Гүлмира Бекназарова.

Өңірде сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен 4 базалық жоба қолға алынуда. Бұл мақсатта белгілі тұлғалар құрметіне қойылған ескерткіштер мен мазарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Жыл басынан бері облыстағы 11 мұржай жетекшілігімен 1 595 экскурсия, 439 лекция, 238 көрме ұйымдастырылып, 936 мұражай заттары алынып, зерттеу жүргізілген.

Биылғы жылы мәдениет министрлігі ұйымдастырған республикалық байқауда Ақмола облысының тарихы музейінің » Ең үздік облыстық музей» атануы – аймақтың мәдени өмірін жақсартуға қосқан үлестің жемісі дейді мәдениет өкілдері.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, су тасқыны кезінде белсенділік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img