spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
8.2 C
Kokshetau

Көкшетау автовокзалына «Сапаржай» жазуы орнатылып қазақшаланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау автовокзалы ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Автовокзал» атауының орнына «Сапаржай» жазуы орнатылып, қазақшаланды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Сапаржай арқылы пандемияға дейін қаламаңы және қалааралық рейстерге қызмет көрсетілді. Бағыттар саны тәулігіне 40 сапарға дейін жетті.

Жолаушылар Нұр-Сұлтан, Теміртау, Павлодар, Петропавл, Рудный қалаларына қатынайды. Сондай-ақ, Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Омбы, Екатеринбург, Түмен, Қорған сияқты Ресей қалалары да бағыттар картасына енгізілді,

Бүгінде сапаржай облыс аумағында жеті бағытқа ғана қызмет көрсетеді. Биылғы жылы сапаржай ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сыртқы төбесі ауыстырылды және нысанға ішінара жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, сапаржай ғимараты 1980 жылдардың басында салынған және содан бері сыртқы келбетін өзгертпеген. Бұл екі қабатты ақ бетон құрылымы. Жабық тоқтау платформалары вокзалдың артында, автобус тұрағымен бірге орналасқан. Бірнеше жыл бұрын кешен дуалмен қоршалып, кіреберіс шлагбауммен жабдықталған.

«Менің ойымша, бұл өте маңызды оқиға, өйткені сапаржай көлік инфрақұрылымының желісі ретінде маңызды рөл атқарады. Бұрын коронавирусқа дейін көптеген транзиттік бағыттар біздің сапаржай арқылы өтетін, ал адамдар транзиттік жолаушылар болып есептеледі. Сондықтан қаланы көрмейтін, тек сапаржайды көретін адамдар осында келіп, әрі қарай транзитпен жүреді. Олар біздің қаламыздың вокзалын көргенде, қала туралы әсер алып, олардың Көкшетау туралы пікірі қалыптасады. Енді сапаржайымызды көрген адам жақсы әсерде болады», – дейді сапаржай директоры Сайлау Нұртазин.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img