spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
10.2 C
Kokshetau

«Біз – Абай жолындамыз!» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгін Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Ақмола облыстық Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «БІЗ – АБАЙ ЖОЛЫНДАМЫЗ!» онлайн эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, байқау екі тілде өткен еді. Қазақ тілінде жазылған эсселер арасында І орынды иеленген жас эссеист ЕРДЕН НҰРАХМЕТТІҢ «топжарғанынан» сіздерге үзінді ұсынуды жөн көріп отырмыз.
…Дана қазақ «АТАНЫҢ БАЛАСЫ БОЛМА, АДАМНЫҢ БАЛАСЫ БОЛ» деген. Бұл сөзі арқылы халқыңа, аса берді күллі адамзатқа пайдаңды тигізетін адам бол дегенді меңзейді. Осы тұрғыда атаның ғана емес, адамзаттың баласы болуды «қазаққа қара сөзден дес бермеген» Абайдың өнегесінен іздегім келеді.
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «АБАЙ ЖОЛЫ» роман-эпопеясын оқу арқылы біз Абайды жақыннан тани түсеміз. Себебі, жазушы Абай өмірін оның медреседен оралуынан бастап, ақтық сапарға аттанғанымен аяқтайды. Бұл аралықтағы өмір жолы Абайды «АТАНЫҢ ҰЛЫ ЕМЕС, ЕЛІНІҢ ҰЛЫ» екенін дәлелдеп берді. Әкесі Құнанбай баласын билікке тартып, болыс болуға тәрбиелесе де Абай әрдайым халық жағынан табылды.
Шыңыраудағы су болғанша, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық көрген Абай секілді әр қазақ баласы АТАНЫҢ ЕМЕС, ЕЛІНІҢ ҰЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК. Сонда ғана ұлт ісі өркендеп, дамудың даңғыл жолына түсеміз,-делінген хабарламада.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img