spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.9 C
Kokshetau

Жазасын өтеп шыққан ақмолалық кәсіби білім алып, жеке куәлікке қол жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері есепте тұрған 1971 жылы туған Геннадий есімді тұлғаға құжат алуға көмектесті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ведомствоның мәліметі бойынша, Геннадий аудандық соттың үкімімен ол үш жылға бас бостандығынан айырылған. Есепке қою кезінде жазасын өтеушінің құжаттары жоқ және бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінбеген болып шықты. Жазасын өтеу барысында Геннадий алдымен орташа, кейін кәсіби білім алып шықты. Ол сотталмас бұрын Қорғаныс күштерінде әскери борышын да өтепті. Кейін еліне оралып, мал өсірумен айналысқан. 2000 жылы үйі өртеніп, барлық құжаттары жанып кеткен. Тек жеке құжатын ғана қалпына келтіруге мүмкіндік болды.

Артынша өзі жалғыз қалып, ішімдікке салынған екен.

Жас болғандықтан, құжатты ретке келтіруге жағдай болмады. Жалданып жұмыс істеп күнелттім. Қылмысқа да сол мастықпен бардым. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз. Құжаттарымды өздері рәсімдеп, қалпына келтіріп берді,-дейді Геннадий.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Ақкөл аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері Геннадийді жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп жатыр.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img