spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Көкшетау комбайндарын еліміздің өзге де егістік далаларында қолдануда

Сондай-ақ...оқыңыз

 Көк­шетаудағы «КаzRost Engineering» комбайн құрастыру зауытынан шыққан комбайндар ақмолалық диқандар қолын ұзартып, биылғы егістік науқанында да жоспарды орындауға септігін тигізді. Астықты өңірде бұл техниканың маңызы зор,-деп хабарлайды  «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

2012 жылы құрылған «Вектор» комбайн зауытын 2019 жылы «Казрост» серіктестігі сатып алып, оның атауын «КаzRost Engineering» болып өзгертілген. Кәсіпорынның Бас компаниясы «Казрост» серіктестігі болып табылады. Бұрын кәсіпорын дайын ауыл шаруашылығы техникасы мен оның қосалқы бөлшектерін сатумен айналысқан.

Кейінірек компания 1 миллион АҚШ доллары көлемінде шетелдік және басқа инвестиция тартты, соның арқасында кәсіпорын жаңа тыныс алды. Комбайн құрастыратын еңбеккерлер саны 70 адамға көбейді. Бүгінгі күні кәсіпорында екі өндірістік цех пен логистикалық кешен жұмыс істейді.

Зауыт директоры ның орынбасары Айбек Нұрмағамбетовтың айтуынша, жыл сайын зауыттан шыққан су жаңа комбайндарды еліміздің басқа өңірлері де сатып алуда.

– Мұнда «VEKTOR 410», «ACROS 550» маркалы комбайндар құрастырылады. Сондай-ақ, 5 және 9 метрлік жатка, басқа да тіркемелі қондырғылар жасалады. Биылғы жылы «КазАгроФинанс» тәрізді қаржы институттары арқылы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарына 440 комбайн саттық. Олардың бәрі де биылғы егін орағында жұмыс істейді. Келесі жылы да 440 комбайн құрастыруды жоспарлап отырмыз. Біз Ресейдегі «Ростсельмаш комбайн зауыты» ашық бірлестігімен бірлесе жұмыс істейміз,-дейді Айбек Нұрмағамбетов.

Зауыт сапалы өнім шығаруда Қазақстан Республикасы Заңнамасының барлық талаптарын орындайды.

 Комбайнға жанар-жағармай құйып, арнайы алаңда сынақтан өткіземіз. Кейін оны техникалық бақылау бөлімі тексереді, арнайы полигонда сыналады. Кемшілік болса, қайтадан зауытқа енгізіліп жөнделеді. Сатып алушылар комбайнды арнайы техника тұрағынан алады,-дейді Айбек Нұрмағамбетов.

Кәсіпорын бүгінде  Қазақстан бойынша комбайн сату нарығының 60 пайызын қамтиды.

Айта кетерлігі, өңірде бүгінгі күнге дейін 4 миллион 246,5 мың гектар жердің  егіні бастырылып, қамбаға 4 миллион 798 мың тонна астық, оның ішінде 529,8 мың тонна тұқым құйылды. Орташа гектар түсімі 11,2 центнерден айналуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img