spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
8.4 C
Kokshetau

Атбасар ауданында мемлекеттік бағдарламалармен Бастау ауылында жолдар жөнделді

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде Бастау ауылындағы жол жөндеуден өтті, – деп хабарлайды «Aqmola Nеws». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ауылдық округтың 5,7 шақырым жолына тақтайдай тегіс асфальт төселді.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы көптен жөндеуді қажет еткен Бастау ауылдық округындағы жолдарды жөндеуге мүмкіндік алдық. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтуға да жағдай туғызды, – дейді аудан әкімі Аманбек Қалжанов.

Естеріңізге сала кетсек, бағдарламаның негізгі мақсаты да ауылда өмір сүру сапасын жақсарып, инфрақұрылымды дамытып, сондай-ақ жаңа қосымша жұмыс орындарын құру болып табылады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасымен елдімекендерді абаттандыру, инфрақұрылымдық жобалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу сияқты 300-ден астам жобалар жүзеге асырылуда.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img