spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
15.2 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасымен алты жоба жүзеге асырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен білім беру нысандарына жөндеу жүргізілуде.   Солардың бірі «Балауса» балабақшасындағы жұмыстар қарқын алған, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жобалық қуаты 19,8 миллион теңгені құрайтын «Балауса» балабақшасын Алматы қаласының «Kaz Damu Leaders» ЖШС мердігерлік ұйымы 17,8 миллион теңгеге жөндеуге кіріскен.

Қазіргі таңда балабақшада ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.  Білім беру нысанында ескі ағаш терезелердің орнына пластикалық  жаңа терезелер қойылды. Қосалқы апаттық есіктер мен бөлме аралық есіктер ауыстырылды.  Жөндеу жұмыстары шеңберінде жергілікті 5 тұрғын жұмыспен қамтылды. Олардың төртеуі жұмыспен қамту орталығы арқылы  қабылданған, – дейді аудан әкімдігінен.

Балабақша меңгерушісінің айтуынша жөндеу жұмыстары аяқталса бірден кезекші топтар  ашылмақ.

«Біздің балабақша 140 орынға арналған. Пандемияға байланысты жөндеу  аяқталғаннан кейін 15 бүлдіршіннен кезекші топтар қабылданбақ. Алдағы дүйсенбіден бастап балабақша жұмысы қайта басталуы тиіс. Өйткені, бүгінге дейін жұмыстардың 75 пайызға жуығы аяқталды., – дейді балабақша меңгерушісі Баймұханова.

Жалпы ауданда аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде алты жоба жүзеге асырылған.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әуелі партизан, кейін пулеметші болған бұландылық майдангер

Күндей күркіреп өткен екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталуын барша халық асыға күткен еді. Сол бақытты күнге қол жеткен мамыр...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img