spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

16 қыркүйек күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

16 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды»Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с артады.

Павлодар облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с артады.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ болжанады. Желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Күндіз екпіні 23 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысында, күндіз Ақтөбе облысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика