spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Атбасар ауданында Киікбай батырдың мазары жаңғыртылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданының Сергеев ауылдық округында қайта қалпына келтірілген Киікбай батыр мазарының ашылу рәсімі өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Қазақ-Жоңғар  шапқыншылығындағы  ел басына күн туған ғасырда өмір сүрген батыр Керей  тайпасының Шеруші-Бақат руының басы болған. Киікбай батыр жауынгерлерді басқарып қана қоймай, сөзге де шешен болған.

«Тарихи және мәдени мұраларды қолдану және сақтау орталығы» елдегі тарихи және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік сақталуын қамтамасыз етіп, оларды жаңғырту жұмысын үйлестіреді. Жыл сайын өңірдегі мәдени мұра нысандарының техникалық жағдайына мониторинг жүргізіліп, түрлі деңгейде бұзылған ескерткіштер түзету үшін шаралар қабылданады.

Жалпы облыста мониторинг нәтижесінде 1793 тарихи және мәдени нысандар бар екені анықталды. Олардың ішінде төртеуі республикалық мәнге ие. Осылардың ішінде   археология ескерткіштер 976 , монументальды мәдениет ескерткіштері 34, сәулет ескерткіштері 21  болып отыр, – делінген ведомство хабарламасында.

Өз заманының ерекше тұлғасы Киікбай батыр мазары осыдан 275 жыл бұрын тұрғызылған.  Мазарға жақын жерді халық «Киікбай адыры»  атап кеткен.  Ежелгі тарих қатпарларына сүйенсек ен дала төсінде Жоңғарлармен аса ірі шайқастар өткені белгілі. Рухани жаңғыру бағарламасы шеңберінде  және Атбасар қаласының пайда болғанына 175 жылдығы аясында мазар жаңартылып қайта қалпына келтірілді.  Сондай-ақ, «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде жалпыұлттық патриотизм,  туған жерді сүю ді қалыптастыруға негізделген жобаларға ерекше назар аударылып келеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img