spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Ақмолада адам қаққан көлік оны өлі күйі тастап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана-Көкшетау автобанының Макинск қаласының тұсында адам қағып кеткен көлік сол күйі оқиға орнынан қашып кеткен. Қатты соққыдан ауыр жарақат алған ер адам сол жерде бірден жан тапсырды – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 3 қыркүйегінде түнгі 11-30 шамасында Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші  бөлімшесіне Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз ер адамның жолда жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері «Нұр-Сұлтан-Петропавл күре жолының 196 шақырымында болғанын анықтады. Щучинск қаласынақарай келе жатқан белгісіз автокөлік автобанды кесіп өтпек болған Шортанды кентінің 31 жастағы тұрғынын қағып кетіп қашып кеткен.  Жол апатының салдарынан ауыр жарақат алған жігіт аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қаза болды. Сот-медициналық сараптама қорытындысымен ер адамның өлімі машинаның ауыр соққысынан алған ауыр жарақаттан болған. Аталған факт қылмыстық кодекстің бабымен 345 бабы «жол қозғалысы ережесін бұзу»   және «Жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кету» 347 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Адам қағып бірден оқиға орнынан ізін суытып үлгерген айыпты азаматты іздеуге Бұланды аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен  Ақмола облысы жол-патрульдік қызметі батальонының күш-құрылымдары жұмылдырылған.

Нәтижесінде осы жылдың 6 қыркүйегінде «Мерседес 709» маркалы шағын автобусты тізгіндеген 1971 жылы туған ер адамның жаяу жүргіншіні соғып, қашып кеткенін анықтады. Қан іздері түскен көлік тәркіленіп алынды, – деп толықтырды Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта күдікті азаматтың айыбын бекіту бойынша жедел-тергеу шаралары ұйымдастырылуда. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img