spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

«Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26 – бабы 2-тармағының 16) тармақшасында көзделген бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін, «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ы ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды  zakon.kz-ке сілтеме жасап

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, табиғи монополиялар салаларында, сферада басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға ұсыну міндеттемесін, ақпараттандыру және байланыс, азаматтық авиация саласын, ақпарат, есептілік және белгіленген нысандағы хабарламалар қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, бұл 4 444 800 теңгенің еселенген мөлшерін құрайды.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 811-бабына сәйкес, Департамент «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК-не Кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бабы санкциясына сейкес жеті күн ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын түсіндірді.

«Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК өзі жасаған құқық бұзушылықпен келісе отырып, 2 222 400 теңге айыппұл төледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img