spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
13.2 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында 44 мың гектар алқаптан дән жиналды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қорғалжын ауданында күзгі орақ науқаны  қызу жүріп жатыр.   Биыл Қорғалжын  егіс даласындағы  132 мың гектар алқапқа дән себілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгінде ауданда  күзгі орақ науқанына  105 комбайн, 90 жүк көлігі және 65 трактор жұмылдырылған.  Қазір 44 мың гектар алқаптан дән жиналып, қамбаға құйылды. Аудан әкімі  егіс алқабының  көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатқанын айтады.

  Биыл біз 9 мың гектар пар қостық. Келесі жылы да қосамыз деп отырмыз. Аудан бойынша 15 комбайн алдық. Биылғы астық жақсы,-дейді Қорғалжын ауданының әкімі Берік Жанбаев.

 Бүгінгі таңда облыс бойынша 1 млн 700 мың гектар алқаптан дән орылды. Бұл жалпы көрсеткіштің 40 проценті.   Мемлекет тарапынан да айтарлықтай қолдау бар.

Биыл  облыстың агроөнеркәсіп кешеніне 75 млрд теңге бөлінген.  Соның 35 млр-ды субсидия,  қайтарымсыз несие. Қалған 30 млрды    «Еңбек», «Кең дала», «Форвард» бағдарламалары арқылы бөлінді. 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика