spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Зерендіде 17 қанатты «Ақылды киіз үй» пайда болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Зеренді ауданында қазақы киіз үй стилінде жаңа ғимарат бой көтереді. 17 қанаттан тұратын «Ақылды киіз үйдің» ерекшелігі сол Қазақстанның әрбір өңірімен QR-код арқылы ақпарат алмаса алады, – деп хабарлайды «Aqmola News»  тілшісі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асатын жаңа жоба туристерді тартуға бағытталған.  Киіз үй формасында жасалған жаңа туынды «Керегелі – қазақ елі» аталған архитектуралық туынды Зеренді селосының көркін ашпақ.

Жаңа технологиялар негізінде жасалатын «Ақылды киіз үй» туристер үшін таптырмас құрал болмақ. Ол ауылды жерлерде тұрмыс сапасын жақсартып, елдегі әлеуметтік ортаны жаңғыртуға оларды өңірлік стандарттарға жеткізуге бағытталып отыр, – дейді аудан әкімі Бауыржан Ғайса.

Шаңырақта Қазақстанның контурлық картасы бейнеленсе оның жан-жағынан айналдыра орнатылған 17 керегесіне Қазақстанның 14 облысы мен 3 қаласы жайлы мәліметтер беріледі. «Ақылды киіз үйдің» керегелеріндеQR-кодтар орналастырып, елдің әрбір аймағы туралы ақпараттар беріледі. Оның көмегімен кез-келген турист өзін қызықтырған Қазақстанның кез-келген облысы немесе қаласының тарихымен таныса алады.

Зеренді ауданы ішкі саясат басқармасының басшысы Клара Сағындықованың айтуынша, құрылыс жұмыстары шілде айында басталған. Қазір жұмыстың тоқсан пайызға жуығы аяқталған.

«Алтын жалатылған ақшаңқан түсті киіз үй біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын бейнелейді. Алыстан мен мұндалайтын архитектуралық туынды қазақ халқының рухы мен айбынын әйгілей түседі, – дейді Клара Сағындықова.

 

Архитектуралық миниатюра авторы Сәкен Мүжібаев өзінің жаңа жобасын «Керегелі – қазақ елі» деп атауды жөн санапты.

«Мен қазақ халқының салт-дәстүрлерін, отбасындағы жылулықты, ата-бабамыздың арман тілектерін бейнелегім келді. Керегелердің арасы кез-келген жағынан ішіне еркін кіріп шығатындай етіп ашық жасалған. Ішіне кіріп шаңыраққа қараса, Қазақстанның контурлық картасы көрінеді. Керегенің ішкі жағы үлкен. Облыстың әрбір түкпірі туралы кез-келген ақпаратты орналастыруға болады, – дейді Сәкен Мүжібаев.

Ал зеренділік тұрғындар жаңа ғимаратты «Ақылды киіз үй деп атапты.

«Бұл өңірімізге туристерді тартуға ықпал ететіні анық. QR-код арқасында Қазақстанның кез-келген түкпірі жайлы білуге болатыны өте керемет шығарылған. Біз оны «Ақылды киіз үй» деп атадық», – дейді Ксения Балмағамбетова.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img