spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
10.2 C
Kokshetau

13 жасар Айгерім Хайдарованы іздестіру ісі «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу амалдарына ауыстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 13 жасар қыздың із-түзсіз жоғалуына байланысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды  «Aqmola  News» тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, із-түзсіз кеткен жасөспірім Әйгерім Хайдарованы іздестіру жұмыстары сегіз күннен бері жүріп жатыр.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жасөспірімді жоғалған күні көруі мүмкін 200-ден астам куәгерден жауап алынды», – дейді ведомстводан.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгінген. Анасының айтуынша, Әйгерім 20 тамыз сағат 15:00 шамасында Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен. Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі, қайда екені белгісіз. Полиция қызметкерлері атап өткендей, іздестіру жұмыстарына 100-ден астам полиция, 20-дан астам құтқарушы және 30-дан астам Ұлттық гвардия 5510 әскери бөлімінің сарбазы, 350 волонтер жұмылдырылған.

«Аталған іс Ақмола облыстық ПД бастығының жеке бақылауында», – деп толықтырды ведомстводан.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img