spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Конституция күніне орай 25 отбасыға пәтер кілті табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Конституция күніне орай Ақмолалықтарға пәтер кілтін  тапсыру  рәсімі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыс әкімі елдегі күрделі жағдайға қарамастан  тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылғанын атап өтті.

Соңғы жылдары ғана облыста үш миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бүгін пәтерге ие болған азаматтардың басым көпшілігі жылдар бойы кезекте тұрған азаматтар.  Мемлекеттің саясатта да әрбір қазақстандық отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету аса басым бағыттардың бірі болып табылады. Жыл сайын 400 мың шаршы метрге тарта  баспана берілуде. Ол үшін елімізде тиісті мемлекеттік бағдарламалар   жүзеге асырылуда.  Ақмола облысында да аталған бағдарламаларға белсене қатысуда. Осы жылы ғана   облыс  аумағында 570 мың,  оның ішінде тек Көкшетау қаласында 240 мың шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

 

Арнайы шара барысында облыс әкімінің қолынан 25 отбасына жаңа баспананың кілті табыс етілді. Пәтерлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілді

«Құрметті жерлестер! Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін. Мемлекет осындай қиын-қыстау кезеңде азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға баса көңіл бөледі. Тек бірлесе күш біріктіріп қана біз коронавирус індетін жеңіп, алға қарай нық қадам жасаймыз», – деді облыс әкімі

Көп балалы аналардың бірі Күләш Кәрімова көптен күткен пәтеріне  бүгін қол жеткізді. Ол пәтер кезегінде 2005 жылдан баста тұрған.

«Баспана кезегіне тұрғаныма 15 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде бала-шағаммен көп үйді жалдап тұруыма тура келді. Облыс әкімдігіне шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Күләш Кәрімова.

13 баланың анасы Мағрипа Смағұлова да жаңа пәтерге қол жеткізді.

«Менің 13 балам бар. Отбасымызбен тұрғын үй кезегінде 17 жыл тұрдық. Ешқайда жүгінген жоқпыз. Жақында телефон шалып, пәтерге ие болғанымызды жеткізгенде қатты қуандық. Батыр ана ретінде облыс әкіміне алғысымды білдіремін, – дейді бақытты ана.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img