spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданына барған 16 жас дәрігерлерге баспана берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөлге «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмыс істеуге барған дәрігерлерге баспана кілті табыс етілді, -деп хабарлайды  «Aqmola News» .

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аудан ауруханасына жұмысқа тұрған 16 дәрігер енді  8 пәтерлі  156 шаршы метр болатын баспанада тұратын болады.  Құрылыс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қарқын алып, аяқталған болатын.

«Жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлінді.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен аудандық аурухананың жатаққанасына күрделі жөндеу жүргізілді.Мердігер компания шатырын жөндеп, қас бетін  бүтіндеп, есіктерін ауыстырып, ішкі жұмыстарын толық аяқтады,-дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Бас дәрігер Асхат Абилбековтың айтуынша, бұл нысан аудандық аурухананың қарамағында болған. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, мұнда  жаңадан келген жас мамандардыиқоныстандыруға шешім қабылданған.

Баспана алған жас мамандардың қатарында акушер дәрігер Милана Нартоликова да бар.

Мен Көкшетау медициналық жоғарғы колледжінде «Емдеу ісі» бойынша мамандықты 2019 жылы қызыл дипломға аяқтап, осында келдім.  Егіндікөл ауданында тәжірбие жинақтап, өз ісімді жетілдірсем бе деген ойым бар. Біз сияқты жас мамандарға баспана беріп жатқан аудан әкімдігіне алғыс айтамыз,-дейді Милана Нартоликова.

Айта кетерлігі, қазір ауданда дәрігерлерге арналып 16 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қарқын алды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img