spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада әскери комиссариатқа құжаттарын тапсырған жігіт хабарсыз кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Астрахан ауданының 18 жасар тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті. Жас жігіт әскери комиссариатқа барып, үйіне қайтып оралмаған, – деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 27 тамызында Астрахан аудандық полициясының кезекші бөліміне 55 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Әйел 18 жастағы ұлы Рахат Мукашевтың хабар-ошарсыз кеткенін айтып шағымданған. Жас жігіт 25 тамыз күні түнгі 00.50 киімдерін алып үйден шыққан күйі кері оралмапты.

«Ұшты-күйлі жоғалған жігіт 24 тамыз күні құжаттарын қорғаныс бөліміне апарып, одан кейін үйінде болған. Ешкіммен сөйлеспеген. Әрі көңіл-күйі болмай күнімен телефонда отырған. Келесі күні таңертең ұйқысынан тұрған анасы Рахаттың үйде жоқ екенін байқайды. Ұлы жеке куәлігін, заттарын, 40 мың теңге сомасында ақша мен киім-кешегі салған рюкзак пен ұялы телефонын сөндірген күйі алып кеткені анықталды», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсемттт Әбдірахманова.

Бейнебақылау камераларын тексеру барысында 25 тамыз күні Рахаттың түнгі 01:05-те Астрахан селосының автостанциясына жолға шығып, белгісіз маркалы автокөлікке отырып «Екатеринбург-Алматы» бағытында жол жүріп кеткені белгілі болды.
Қазіргі уақытта Рахат Мукашевтің телефоны сөндірулі. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлері жоғалған жігітті 26 тамыз күні кешкі ондар шамасында «Махаббат» тұрғын үй кешенінің маңында көрген, – деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бойы 171 сантиметр, тығыз денелі, қара қысқа шашты, құлақтары аздап қалқиған, аяқ киімінің мөлшері 41 сантиметр жігіт қара-көк түсті желбегей, қара түсті трико, қара түсті крассовка икген. Қолында қара-қоңыр түсті рюкзагы мен «Редми» маркалы ұялы телефоны болған.
Полиция Рахат Мукашев жайлы қандай да бір ақпарат білген адамдар болса, дереу Астрахан аудандық полиция бөліміне 8(71641)2-21-81 телефонына, 87054235207 телефондарына немесе «102» арнайы желісіне хабарлауды сұрайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img