spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы: Нұр-сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуі бойынша 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлiк белдеуін қамтамасыз ету аясында жалпы сомасы 47 млрд. теңгеге 41 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкiмдiгiнiң отырысында облыстық экономика басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Aqmola News  Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Оның iшiнде: 4 мал бордақылау алаңдары мен асыл тұқымды репродукторларды салу бойынша; 8 сүт мал шаруашылығы бойынша; 12 еттi мал шаруашылығы бойынша; 6 ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша; 5 астық қоймасы мен картоп қоймасын салу бойынша; 2 құс шаруашылығын дамыту бойынша; 2 балық өсiру бойынша; 2 — суару жүйесiн құру бойынша.

«Бүгiнде жалпы соммасы 3,6 млн. теңгенң құрайтын 22 жоба iске асырылды. Сонымен қатар облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 85,4 мың тонна сүт өнiмдерi, 17,2 мың тонна ет өнiмдерi, 184,2 млн. дана жұмыртқа жеткiзiлдi»,- деп мәлiмдедi басқарма басшысы.

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жоспарланған мерзiмге сәйкес Азық-түлiк белдеуi аясында жобаларды iске қосу бойынша жұмысты жалғастыруды және мал басы мен ет, сүт өндiрiсiнiң өсiмiн сақтауды тапсырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img