spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Облыс әкімі құрылысшыларды мерекемен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құрылысшыларды  төл мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

«Құрметті құрылысшылар!
Сіздерді кәсіби мереке, құрылысшылар күнімен құттықтаймын!
Көп жыл бойы жасаған адал еңбегіңіз және Ақмола облысының құрылыс саласын дамытып, көркейтуге қосқан елеулі үлесіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында, облыс аумағында көптеген инфрақұрылымдық, инвестициялық жобалар жүзеге асырылып,  өңір тұрғындары баспанаға ие болып, әсем ғимараттар бой көтеруде. Сіздердің өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың, әрдайым өзгеріп отыратын нарыққа бейімделе білу қабілеттеріңіздің нәтижесінде, елімізде құрылыс заман талабына сай жанданып, халық жаңа стандарттар мен заманауи дизайнға бой үйретуде.
Алдағы уақытта да еліміздің, облысымыздың өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға қол жеткізіп, құрылыс саласының мәртебесін көтересіздер деп сенемін.
Осы айтулы мереке қарсаңында сізге зор денсаулық, бойларыңызға сарқылмас күш-қуат, қажымас қайрат, еңбектеріңізде жетістік, отбасыларыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін!», – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img