spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
11.5 C
Kokshetau

Ақмолада Абай күніне орай онлайн-ісшаралар сериясы жоспарланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Абай Құнанбайұлы күніне орай онлайн шаралар сериясы жоспарланды. Тамыз айы бойы жүзеге асырылатын жобалар бойынша облыстың 555 мектебі мен 32 колледжін де, 11 музейі мен 350 кітапханасында, басқа да мәдениет ошақтарында әлеуметтік желілер, мессенджерлер  және  «ZOOM» интернет-платформасы арқылы көлемді ісшаралар өткізу  көзделіп отыр  – деп хабарлайды «Aqmola News».  Бұл туралы Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы мәлім етті. 

Ведомствоның мәліметінше өңірде жыл басынан бері  бір мыңнан астам  түрлі  ісшаралар ұйымдастырылған.   Әсіресе,   облыстың  колледждері мен мектептерінде іргелі істер  атқарылған.

Облыс мектептерінің 9-11 сыныптары үшін «Абайтану» элективті курсы енгізілді,   23 мектепте «Абай еліне саяхат» клубы жұмыс істеуде. Ж.Мусин атындағы жоғары Қазақ педагогикалық колледжі базасында еліміздің әр аймағының ғалымдарының қатысуымен «Абай мұрасы және Қазіргі білім беру» атты халықаралық онлайн-студенттік конференция өткізілді. Оқушылар мен студенттердің Абай мұрасын зерттеу жөніндегі «Абай әлемі» әдеби жобасын іске асыру жалғасып жатыр.   Абай жылы аясында Көкшетау қаласының №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыта отырып, Абай Құнанбаевтың есімін беру жоспарлануда, – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Гүлмира Бекназарова.

Басқарма басшысының айтуынша ,  тамыз айында  облыстың 555 мектебі мен 32 колледжінде әлеуметтік желілер, мессендждер, балалар және ата-аналар чаттары, сондай-ақ «ZOOM» интернет-платформасы арқылы оқушылармен және студенттермен Абай Құнанбаевтың терең шығармашылық мұрасын насихаттайтын түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Оқушылар 10 тамызда облыстық онлайн-іс-шараларда өз білімдері мен шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете алады. Атап айтқанда,  «Абай әлемі» отбасылық викторинасын және «Абай-дана, Абай-дара қазақта» онлайн-диалог алаңы, «Абай еліне саяхат» клубына қатысушылар арасында өткізу көзделген.
Сондай-ақ, 18-20 тамызда «Шеберлер қаласы» қашықтық көрме-фестивалі өткізілмек. Онда облыс оқушыларының сәндік-қолданбалы жұмыстары ұсынылады.
Осылайша, бұл іс-шаралар Абайдың рухани мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Мәдениет саласында қаңтар айынан бастап онлайн-форматта 600-ден астам іс-шара өткізілді. Облыста Абай күніне орай   мәдениет үйлері нде ірлегі шаралар өткізу жоспарланған.
10 тамызда Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Бурабай ауданы әкімдігінің қолдауымен open-speis форматындағы «Абай тойы – халық тойы» мерекелік онлайн-құттықтауын жоспарлады. Бұланды ауданында 10 тамызда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай дана – Абай дара қазақта» онлайн-фестивалі өтеді. Фестивальге 30-дан астам адам қатысады. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар аудан әкімінің алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Жалпы, барлық 253 клуб мекемелерінің қызметкерлері Instagram, фейсбук беттерінде қашықтықтан онлайн-концерттер өткізеді, онда Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Айтым сәлем, Қаламқас…» сынды әлемге әйгілі әндері орындалмақ. Ал, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 10 тамыз күні Абай күніне арналған бейнероликтер форматында әлеуметтік желілерде және филармонияның ресми сайтында 1 сағат аралықпен кезең-кезеңімен жүктелетін онлайн-концерттер жоспарлады.  Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры Ұлы ғалым, ойшыл, данышпан Абайдың 175 жылдығына орай Абай шығармашылығын жан-жақты дәріптеу мақсатында «Абай айтқан асыл сөз» атты онлайн-апталық өткізеді. Апта бойы 3 тамыздан 10 тамызға дейін театр актерлері Абай шығармаларынан үзінділер оқиды. Орындалған жұмыстар көрермендерге күн сайын YouTube арнасында, ресми сайтта, сондай-ақ театрдың әлеуметтік желілерінің беттерінде көрсетілмек.
10 тамызда облыстың 11 музейі Абай Құнанбаевтың мұрасымен таныстыратын 20 – дан астам онлайн-дәрістерді, мұражай экскурсияларын, көрмелер шығаруды жоспарлап отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img