spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 130 адам акция жүлдегері атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде «Чек талап ет те – сыйлық ұтып ал» акциясы осы жылдың 12 мамырына 1 2 мамырынан 1 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Облыста 130 адам акция жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның қатысушысы болу үшін, «Wipon» тегін мобильді қосымшасын жүктеп, қажетті мәліметтерді толтырып, содан кейін өз сатып алуларының фискалдық түбіртектерін қосымшаға енгізіледі. Қосымшаны App Store және Play Market-тен таба аласыз.
Түбіртекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі сомаға телефон теңгерімі түрінде лезде жүлде ұтып алуға болады.

Ағымдағы жылдың 27 шілдеде Ақмола облысы бойынша 130 акция жүлдегері атанып, сыйлықтарға ие болды. Барлық жіберілген түбіртектер акцияның басты жүлдесі – 1000000 теңге ұтысына қатыса алады. Ұтыс ойынына сатушының БСН/ЖСН, чектің берілген күні мен уақыты, сомасы мен фискалдық белгісі (ФП, фискалдық түбіртек және т.б.) бар фискалдық түбіртектер ғана қатысады. Бұл ретте әрбір жіберілген түбіртек бір ұтыс билетіне теңестіріледі. Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады, – дейді департаменттің баспасөз хатшысы Нұрлан Ысқақов.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, түбіртектер көп жіберілген сайын, қатысушылар бір миллион ұтып алу мүмкіндігі де жоғарылай түседі.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады, – деп толықтырды баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img