spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмолада мал бағып жүрген ер адам жай отынан мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысынының Жарқайың ауданында  ен делада мал бағып жүрген малшының ажалы жай отынан болды. Әдеттегідей  атын ерттеп мініп, Обалысайдың оты мол жазығында мал өргізген ер адамға найзағай  түсіп сол мезетте жантәсілім етті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Найзағайдан малшының астындағы аты да бірден өліп кетіпті.

Метерологиялық құбылыс Жарқайың ауданының Обалысай ауылынан бес шақырымдай жердегі жайылым жерлердің бірінде жексенбі күні болған. 47 жастағы малшы жігіт сол ауылдағы мал өсіріп, егін егетін Обалысай шаруа қожалығының малын баққан.

Өкінішке орай көп жағдайда адамдар табиғи құбылыстардың қауіп-қатерін елеп-ескере бермейді. Біріншіден күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде ашық алаңқай жерлерде жүруден аулақ болған жөн. Найзағай көп жағдайда сол маңдағы ең биік нүктеге түседі. Ал, ашық жайылымда ат үстіндегі адам дәл сол жерде ең биік нүкте болғаны анық. Егер қандай да бір себептермен күн күркіреген тұста ен далада қалып қойған жағдайда, сол жердегі ойпатты сайларда, арықтар мен егістіктің ойлы жерлеріне жасырынған жөн. Жүрелеп жатып, басты қолмен көлегейлеп жауып жатқан дұрыс. Екіншіден найзағай ойнап, күн күркіреген кезде жаңбырдың астында суда қалудан сақтану керек. Өйткені, жай отын жылдам өткізеді әрі тарта түседі. Найзағай су қоймасының жанындағы 100 метр радиуста әсер етеді. Көбінесе көл жағалауына түседі. Сондықтан мұндай жағдайда көл жағасынан аулақ болып, шомылудан және балық аулаудан бас тарту қажет, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылар сонымен қатар күр күркіреген кезде мобильді телефонмен сөйлесудің қауіптілігін еске салды. Жауын-шашын болып, найзағай жарқылдаған сәтте металл заттардан, сағат, алқа сияқты әшекей бұйымдарды тағудан да аулақ болуға шақырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img