spot_img
Сенбі, Шілде 25, 2026
20.1 C
Kokshetau

15 шілде күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклоның ықпалында болғандықтан, 15 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Елдің тек батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста бұршақ күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғады, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Қарағаңды облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с артады. Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында 18 м/с екпінде жел күтіледі.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.

Сондай-ақ Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Ақмола облысында «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға штаб мүшелері, партия белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика