spot_img
Жұма, Наурыз 28, 2025
1.3 C
Kokshetau

Көкшетаулық кәсіпкерлер ауруханаларға ауыз су жеткізіп беруде

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаулық кәсіпкерлер «Көкшетау тұрғындары – бір отбасы» акциясын қолға алып, ауруханаларды сумен қамтуда,-деп хабарлайды «Aqmola News». 

Ақерке БЫТЫШЕВА

Аталған акцияның мақсаты COVID-19 індетін жұқтырған науқастарға ауыз су жеткізу. Әсіресе, провизорлық орталықтарда жатқан жандар үшін бұл үлкен көмек болып отыр.
«Континенталь», «Алина груп», «Компания Фудмастер», «КазЭлитСтрой», «Комфорт строй», «Кокшетауминводы»  сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен қарапайым қала тұрғындары осы науқанға қолдау көрсетуде.

Акцияны кәсіпкерлер бір-біріне эстафета жолдау арқылы жүргізіп жатса, қала тұрғындары да ұжымдасып қолдан келген көмектерін жасауда.

Жалпы, «Кокшетауминводы» серіктестігі мамыр-маусым айында ғана Көкшетау қаласындағы 4 провизорлық орталыққа 19 мың бірлік TURAN суын жеткізген болатын. Көкшетаудың ауруханаларымен қатар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына да жарты және 5 литрлік TURAN табиғи суының 36 мың данасы жөнелтілген.

Бұл игі бастаманы ұйымдастырушылар одан әрі де жалғастырмақ ниетте.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл аманаты» бағдарламасы: ауылдық жерлердегі табыс пен өмір сапасын арттыру

2023 жылдан бері Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img