spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында коронавирустан тағы төрт адам қайтыс болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус инфекциясынан Ақмола облысының тағы төрт азаматы көз жұмды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

 Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Барлық төрт емделуші де тыныс жолдарының ауруынан зардап шеккен. Қайтыс болуының себебі медициналық көмекке өте кеш жүгінгенінен болуы мүмкін.

Емделушілердің екеуінде вирус жұқтырғандармен тікелей қатынас болмаған. Дегенмен қайтыс болған адамдардың бәрінен тест алған кезде коронавирус жұқтырғаны анықталды.  Рентген кезінде пациенттерден өкпе қабынуының ауыр түрі байқалды. Мұнымен қоса қант диабеті, күретамыр гипертониясы, созылмалы өкпенің обструктивті ауруы сияқты жанама дерттері де болды, – дейді басқарма басшысы Сүлен Ілиясов.

1952 жылы туған әйел Щучинск қаласындағы провизорлық стационардан Көкшетау қаласындағы облыстық ауруханасына ауыстырылған. Бұған дейін оның Шымкент қаласындағы туыстарымен байланысқаны белгілі болды.

Қайтыс болғандардың тағы бірі Бұланды ауданының 57 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада қайтыс болды. Бір апта бойы ауырған. Негізгі диагнозы ауруханадан тыс екі жақты өкпенің тұтас қабынуының ауыр дәрежесі,  интоксикациялық синдром болды, – деді басқарма басшысы.

Қайтыс болған 31 және 53 жастағы екі ер адам да қос өкпеден тұтас қабынған деп табылды. Екеуі де Көкшетау қалалық ауруханасында қайтыс болған.  Екеуі де үйлерінде бір апта шамасында ауырып жатқан. Коронавирус дертіне шалдыққандармен жақын қатынаста болмаған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img