spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмоланың мемлекеттік кірістер департаменті қызмет алушыларға жаңа регламент жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті еліміздегі төтенше жағдай режимінің аяқталуына және карантин мерзімінің ұзаруына байланысты қызмет алушыларға арналған жаңа регламентті бекетті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ведомство сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліске 13.00-ден 14.30-ға дейін) барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай жұмыс істейді. Электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылған мемлекеттік қызмет көрсету, салық төлеушінің кабинеті, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері тек электронды түрде жүргізілмек.

Электронды түрде жүргізілмеген мемлекеттік қызмет көрсету «электронды үкімет» арқылы өтініш беру сервисімен, сондай-ақ мекемеге барған жағдайда алдын ала уақытты электронды броньдау әдісімен жүзеге асырылады. Салық басқармасында немесе департаментінде қызмет алу үшін мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz/ru/services/online-reservation сайтына кіріп «Электронды қызметтер», «Онлайн броньдау» бөліміне өтіп, өз ЖСН нөмірін теріп, қызмет көрсетуге арналған электронды хабалама мен талон алу қажет. Аталған әдісті тек Көкшетау, Степногорск, қаласы мен Бурабай және Целиноград аудандары аумағында тұратын және мемлекеттік кірістер басқармаларына жататын азаматтар ғана қолдана алады. Өйткені аталған аймақтарда кезекті басқарудың электронды жүйесі бар. Ал Целиноград ауданының аумағында науқастар санының одан әрі өсуін болдырмау мақсатында жаңа регламент бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында әзірге жүзеге асырылмайды. Кезекті басқарудың электронды жүйесі қосылмаған қалған барлық мемлекеттік кірістер басқармаларында алдын ала кезекті броньдау колл-орталыққа қоңырау шалу арқылы жүргізіледі, – деді мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img