spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 15, 2026
14.2 C
Kokshetau

Волонтер, байқауға қатыс!

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы «Волонтерлер орталығы» өңір волотерлерін арнайы ұйымдастырылған жобаларға жарияланған байқауға қатысуға шақырады,- деп хабарлайды Aqmola News.

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы волонтерлік жобаларға байқау ұйымдастырды. Жеңімпаздар жобасы мақұлданса шағын гранттарға ие болмақ.

Ұйымның төрайымы Мәнсия Есекеева байқауды өткізудегі мақсат волонтерлік жұмыстар арқылы экологияны жақсартуға қол ұшын созып, тарихи мұраларды жаңғырту екендігін айтады.

 Байқау екі бағыт бойынша өтеді. Алғашқысы –экологиялық ағарту, көгалдандыру, өзендер мен көлдерді тазалау, жануарларды қорғау жұмыстарын қамтитын жобалар.

Екіншісі – тарихи-мәдени мұраларды жандандырмақ.

Республика бойынша үздік деп танылған 68 жоба иегері 300 мың теңгелік грантқа ие болып, бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Бұл жобаға облыстың да волонтерлерін жұмылдыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

 Жобаға 18 жастан асқан азаматтар жобасын ұсына алады.  Жеңімпаз жобаға қаржы беріледі. Сол қаржыға өзінің жобасын іске асыру керек. Кәмелетке жасы толмағандар жобаға жетекші ұстаздарымен қатысуға болады,-дейді Мәнсия Есекеева.

Байқау 23 мамырға дейін жалғасады. Айта кетейік, өтінім берушілер Qazvolonteer.kz платформасына тіркелген болуы тиіс. Ал, өтінімдер жоба тақырыбына қарай арнайы электронды пошталар арқылы қабылданады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика