spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.5 C
Kokshetau

Ақмолада бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы әкімдігінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды «Aqmola news» «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жиынға қатысқан комиссия мүшелері өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік бағасын тұрақтандыруды одан әрі жүзеге асыру жолдары мен сатын алынатын тауарлардың номенклатурасын талқылады.

Аталған шаралар облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүргізілуде, – деді облыс әкімінің орынбасары, – Қанат Ыдырысов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img