spot_img
Сенбі, Қыркүйек 12, 2026
23.2 C
Kokshetau

Ақмолада 1,5 миллион гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылық жерлері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 1,5 миллион гектар пайдаланылмайтын жерлер анықталды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінде өткен кезекті жиын барысында мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мәліметініше өңірде 147,8 мың гектар егістік жер, 603,8 мың гектар жайылым жерлер бар. Аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне жыл соңына дейін отыз пайызға дейін игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға тапсырма берілген. 2018 жылдан бері ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерге 156 миллион теңге сомасында салық салынып, оның 75,2 миллион теңгесі бюджет қоржынын толықтырған.

Пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс. Өңірде анықталған 1,5 миллион гектар игерілмеген жерлер облыстың экономикасына жұмыс жасауы қажет. Бұл мақсатта қолданылатын жерлерге 10 есеге дейін салық салу мәселесі қозғалған. Барлық аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне аталған мәселені назарға алып, игерілмеген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қолдануды тапсырамын, – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында сотталғандарға мамандық алуға қалай көмектесіп жатыр

Бүгінде Ақмола облысында 800-ге жуық сотталған адам ресми түрде жұмыспен қамтылған. Өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 50-ден астам кәсіпкер өндіріс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика