spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмолалық зауыт жылына 500 комбайн құрастырмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы «KazRost Engineering» компаниясы өндірістік қуатын кеңейтіп, жылына 500 комбайнды шығаруды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Бұрынғы «Вектор» комбайн зауыты астық оратын «VECTOR – 410KZ» и «ACROS – 550KZ» комбайндарын құрастырып келе жатқан іргелі кәсіпорындардың бірі.  Өнеркәсіп орны екі бірдей өндірістік цех, сондай-ақ логистикалық кешендері бар жаңа заманауи технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден астам және аумағы шамамен 7 гектар болатын ірі өндірістік кәсіпорын жылына 300 комбайнды ел игілігіне шығаруда

Зауытқа жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов пен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов өндірістік компанияның қазіргі жағдайына назар аударды.

Зауыт басшысы Дарын Иманмусаевтың айтуынша өнеркәсіп өз қуатын еселеп, заманға сай ауыл шаруашылық техникаларының санын арттыратын болады.

Бүгінгі таңда компания жылына 500 дана комбайн жасап шығаруды көздеп отыр. Іске қосу осы жылдың маусым айына жоспарланған. «KazRost Engineering» компаниясы «Ростсельмаш»  кәсіпорнының ресми серіктесі болып табылады. Жыл сайын біз еліміздегі агроөнеркәсіп кешендерінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, заманға сай комбайндар шығарып келеміз, – деді Дарын Иманмусаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img