spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

 

Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым.

Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы.

Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады.

Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.

Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика