spot_img
Бейсенбі, Маусым 25, 2026
26.3 C
Kokshetau

Рұқсаттаманы заңсыз пайдаланып 20 мың теңгеге жолаушы тасымалдағаны анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Ақмола облысында «Степногорск – Ақкөл» автожолында орналасқан блок-бекетінде  заңсыз адам тасымалдап жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде «Степногор-Ақкөл» тасжолындағы №1 блок-бекетте «Mersedes Benz – 300E» көлігін тоқтатқан. Белгілі болғандай, заң бұзушыға «Өнеркәсіптік биосинтездің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС тарапынан облыс орталығына, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен қалаларына кіріп-шығуға рұқсат берілген. Рұқсат құжатында жүргізушінің ветеринарлық препараттарды жеткізіп берумен айналысады деп көрсетілген.

Бірақ тәртіп сақшылары оның «Indriver» мобильдік қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, заңсыз адамдарды тасымалдаумен айналысқанын анықтады. Жүргізуші барлығы 4 адамды тасымалдап үлгерген. Әрбір рейс үшін 20 мың теңге сұраған.

«Заңбұзушының үстінен ҚР ӘҚбК 476-бабының 1-бөлігі (төтенше жағдай режимін бұзу) және ҚР ӘҚбК 463-бабының 1-бөлігі (кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды»,- дейді ведомстводан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында вейптерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика