spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
5 C
Kokshetau

Ақмолада мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Елдегі төтенше жағдай режимі кезінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі ақмолалық мектеп оқушыларына азық-түлік және тұрмыстық қажеттіліктерді сатып алу үшін материалдық көмек көрсетілетін болады, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі

Материалдық көмек алатындар қатарына атаулы әлеуметтік көмек алатын 2800 тұрмыс жағдайы төмен отбасыларының балалары енді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллинаның айтуынша қаражат ата-аналардың есепшотына аудару үшін аудандық бөлімдерге жолданды.

  • Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты халық азық-түлік және балаларының басқа да қажеттіліктерін сатып алуы үшін қаражат аудару туралы шешім қабылданды, – деп атап өтті Шолпан Рахматуллина.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктері жетілдірілген. Мемлекеттік көмектік жаңа шаралары кешенді түрде жүзеге асырылып көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына кепілді әлеуметтік пакет, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия тауарлары жиынтығын қамтиды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көрінбейтін майданның қаһармандары: Ақмола облысында ТКШ қызметкерлері күні аталып өтуде

16 сәуір – күнделікті өмірімізді жайлы әрі тұрақты ететін, бірақ еңбегі көбіне көзге көріне бермейтін жандарды еске алатын ерекше...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика