spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

Көкшетауда 5 тұрақты әуе рейстері тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі енгізілуіне байланысты 19 наурыздан бастап Көкшетауда Scat және Fly Arystan әуе компанияларымен Алматыға ұшатын 5 тұрақты рейстері тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Астана халықаралық әуежайы акционерлік қоғамының Көкшетау әуежайы филиалының басшысы Дастан Малиев мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі.

Рейстер Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі кезеңі аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылған. Әуе компаниялары осы кезеңде билет сатып алған жолаушыларға билет ақшаларын қайтарып беруде.

Жыл басынан бері Алматы қаласында карантин режимі енгізілгенге дейін бұл бағытта 2420 жолаушы қатынаған. Қазір әуежайда рейстердің қысқартылуына байланысты қызметкерлер қысқартылған жұмыс режиміне көшті. Ал 30 адамды ақылы еңбек демалысына жіберуге мәжбүр болдық, – деді Дастан Малиев.

Қазіргі сәтте Көкшетау әуежайында Ақтау-Көкшетау-Ақтау бағытындағы рейстер аптасына екі рет тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Әуежай басшысының айтуынша, қазір әуежайда коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында барлық сақтық шаралары қарастырылған.

Барлық әуежай қызметкерлері медициналық бетпердемен басқа да жеке гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, әр үш сағат сайын әуежай ғимаратына дезинфекциялық шаралар өткізіледі. Келген жолаушылар бірден санитарлық –эпидемиологиялық қызметкерлермен дене қызуы тексеріліп, індеттің таралуының алдын алу мақсатында сауалнамалар жүргізіледі, – деді әуежай басшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика