spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Бас санитар дәрігер Ақмолада карантин енгізілуіне байланысты түсініктеме берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантин енгізілуіне байланысты қандай шектеулер болатыны жөнінде Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірдің бас санитар дәрігері Айна Мусина түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысының тұрғындарына:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше ағдай енгізу туралы» №285 Жарлығына және Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның 2020 жылдың 17 наурыздағы №2 шешіміне сәйкес төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету;
  • Аудандарға, елдімекендерге жаяу және көлікте де қозғалысты барынша шектеу;
  • Сауда, дәріханаларды аралау және қоғамдық көліктерді пайдалану кезінде және жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, маскалық режимді сақтау;
  • Респираторлық инфекция белгілері (түшкіру, температура) пайда болған жағдайда 103 нөмірімен жедел медициналық көмек шақыру жолымен дереу медициналық көмекке жүгіну;
  • Ересектерсіз кәмелет жасына толмағандардың жүріп-тұруына тыйым салу;
  • Полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерінің талаптарын сақтау, оларға инфекцияның алдын алуға және анықтауға ықпал ету.
  1. Нұр-Сұлтан қаласы карантин аймағына кіретін Аршалы және Целиноград ауданы елдімекендерінің тұрғындарыкоронавирус инфекциясының таралуын алдын алу шараларына жұмылдырылған және Нұр-Сұлтан қаласындағы нысандарда жұмыс істейтін адамдардан басқа медициналық көрсетімдермен, карантиндік стационарларда бақылауда және емдеудегі адамдардан басқаларға тұлғаларда аталған елдімекендерден шығуына тыйым салу).
  2. Қызметін тоқтату:

1) алғашқы қажетті тауарларды сататын бөлімдерден басқа азық-түлік емес тауарларды сататын барлық сауда орындары;

2) балалар орталықтары, балалар ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары(дамыту орталықтары, үйірмелер, факультативтер және басқалары), компьютерлік клубтар;

3) отбасылық демалыс орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, түнгі клубтар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, парктер, гүлзарлар, басқа да адамдар көп жиналатын спорттық және көңіл көтеру нысандары;

4) ломбардтар, букмекерлік кеңселер;

5) спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар және басқалары);

6) санаториялық-курорттық нысандар оның ішінде оңалту, сауықтыру және емдеу қызметін көрсететін нысандар;

7) люкс класты қонақжайлардан басқа туристік нысандар;

8) кальян және қоғамдық тамақтану нысандары;

9) сыйымдылығы 20 орындық қоғамдық моншалар, бассейндер.

  1. Қоғамдық тамақтану нысандарының иелері (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, жылдам тамақтану орындары) жұмыстарын тоқтату және тек онлайн жеткізу және тапсырыстар қабылдау.
  2. Азық-түлік сауда желілерінің иелеріне, супермаркеттер, сауда орталықтарындағы азық-түлік бөлімдеріне санитарлық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып штаттық режимде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету;

– қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.

  1. Барлық түрдегі кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына жұмыс орындарын сақтау және өзін оқшаулауда болған кезеңде аурухана парағына төлем жасау.
  2. Қажет болған жағдайда қосымша шектеулер енгізілетін болады.
  3. Аталған қаулы 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап күшіне енеді

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img