spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
20.2 C
Kokshetau

Мұздағы жарылыс жұмыстарына байланысты мұзға шығуға тиым салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Целиноград ауданының ТЖБ  су басу құбылыстарын азайту үшін «Көкше-Бур» ЖШС-мен бірлесіп Есіл, Нұра өзендерінің арналарындағы мұз жамылғысын әлсірету үшін жару жұмыстарын жүргізді. Жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында, жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін аудан тұрғындарына мұзға шығуға тыйым салынды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Осындай жұмыстар ауданның 5 ауылдық округтерінде 8 учаскеде өткізілді.  Нұра өзені, пионер лагері ауданындағы 75 м2 болатын өзеннің бүгілуі тегістелді.  Сонымен қатар облыстық маңызы бар Қабанбай батыр, Жалғызқұдық, Оразақ жолының автомобиль көпіріне дейін және Қошқарбаев,Тайтөбе Преображенка ауылдары маңындағы 3 өзен мен демалыс үйлерінің жанындағы мұздар ойылды.

Сонымен қатар Нұра өзені, мал шаруашылығы фермасының аумағында, Отаутүскен ауылы маңындағы Шалқар көпірінде, Есіл өзені облыстық маңызы бар Ақмол-Нұресіл-Талапкер жолының автомобиль көпіріне дейін Талапкер ауылының жанында жарылыс жұмыстары жүзеге асырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img